Хомстағы әуе базасына шабуыл жасалды
Сирияның Хомс провинциясының шығысындағы Т-4 әуе базасы зымырандармен атқыланды. The Guardian басылымының мәліметінше, соққыдан 14 адам қаза тапқан. Әзірге, оған кімдер жауапты екені белгісіз. Дегенмен, Сирия және Ресей әскерилерінің мәлімдеуінше, зымырандарды Израиль ұшақтары Ливия әуе кеңістігі арқылы Хомстағы әуе базасына бағыттаған. Айыпталушы тарап әзірге бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін АҚШ Пентагоны, Франция армиясы да Сириядағы осы шабуылға қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Айта кетсек, Хомстағы Т-4 әуе базасын Ресей әуе күштері де пайдаланады. Зымырандармен атқылау кезінде ресейлік ұшақтардың сол жерде болған-болмағаны белгісіз.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11