Чилиде шерушілер жол ақысын азайтуды талап етті
Чилиде қарттар мен мүгедектер жаппай шеруге шықты. Олар үкіметтен жол ақысын төмендетуді және зейнетақыны өсіруді талап етіп жатыр. Қолдарына елдің туын ұстап, Сантьяго көшелері арқылы жүріп өткен демонстранттар түрлі ұрандар тастады. Сол арқылы манифестанттар билікті өздерінің талаптарына құлақ асуға үндеген. Ұйымдастырушылардың сөзінше, 60 жастан асқан 3 миллиондай қария мен 2 жарым миллион мүмкіндігі шектеулі жан құрметке лайық және қоғамдағы барлық игілікке қол жеткізуі тиіс. Олар талаптары орындалғанша, шеруді тоқтатпай, әрі қарай жалғастыруға бел буып отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11