Сауд Арабиясында коррупциямен күрес науқаны аясында тұтқындалғандар саны 200-ден асты
Корольдіктің бас прокурорының сөзінше, олар өткен аптада ұсталған және тергеу «тез» жүріп жатыр. Қамалғандардың ішінде миллиардер әл-Уәлид бин Талал тәрізді 11 ханзада бар. Бұған қоса, ондаған жылдар бойы мемлекеттік қазынадан 100 миллиард доллардай қаражаттың талан-таражға салынғаны анықталып отыр.
Саяси сарапшылардың пікірінше, Саудияда сыбайлас жемқорлықпен күрес тақ мұрагері Мұхамед бин Салманның бақталастарын жойып, бар билікті өз қолына шоғырландыру ниетімен байланысты. Тағы бір пікірлерге қарағанда, Корольдіктің Иранмен арада күшейе түскен шиеленісі ханзаданың сыртқы дұшпандарына қарсы күресті де өршіткенін көрсетіп отыр.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11