Әлемде 3 миллиондай адамның азаматтығы жоқ
Дүние жүзі бойынша 3 миллиондай адамның азаматтығы жоқ. БҰҰ-ның босқындар жөніндегі агенттігі осылай деп мәлімдеді. Олардың көбі - балалар. Ешқандай мемлекеттің азаматы болып саналмайтын жандардың негізгі құқықтары сақталмайды. Осындай тұрғындардың бір мысалы - Мьянмадағы рохинджа мұсылмандары. Оларға қарсы Бирма билігінің жүргізіп отырған саясаты этникалық тазарту деп аталды. Швейцарияда өткен жиында БҰҰ-ның өкілдері әр мемлекет өз аумағында туған адамдарға азаматтық беруі тиіс деп мәлімдеді және де нәсілшілдікті жоюға бағытталған іс-шаралар күшейе түспек.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11