Елімізде 400 мыңдай еңбек мигранты бар
Елімізде 400 мыңға жуық мигрант бар, оның шамамен 60 мыңы ресми тіркелген. Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия еңбек мигранттары мен адам саудасы құрбандарының құқығын қорғауға қатысты талдау баяндамасының таныстырылымын өткізді. Жиынға Халықаралық көші-қон, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өкілдері қатысты. БҰҰ-ның 2015 жылғы дерегі бойынша, әлемдегі мигранттардың саны 244 млн. адамға жеткен. Бұл мәселе Қазақстан үшін де өзекті екені айтылды. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша құзырлы органдарға аталған мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар берілді. Cонымен бірге, адам саудасынан зардап шеккендерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты енгізілгені туралы айтылды.
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
Автор
Арай Төлегенқызы
Читайте также
Все
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11