Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
Жетісу облысы, Көксай ауылында 60 орынға шақталған заманауи мектеп бой көтерді. Республика күні қарсаңында ашылған білім ордасы қайтарылған активтер есебінен салынды. Ал бұған дейін балалар оқыған ғимарат 1970 жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген еді. Жаңа нысанда сапалы білім алу үшін барынша жағдай жасалған. Зертхана мен пәндік кабинеттер жұмыс істейді. Жалпы өңірде жыл басынан бері 5 оқу ордасы салынып, 2 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Елдос Омаров, Кербұлақ ауданының прокуроры:
2025 жылы осы арнайы қордан 2 млрд 300 млн теңге көлемінде қаражат бөлініп, аурухананы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп құрылысында да 1,5 млрд теңге қаражат бөлініп, қазіргі уақытта ел игілігіне беріліп отыр.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Читайте также
Все
Әлеуметтік қолдау – маңызды міндет
24.11.2026, 14:20
Ұлттық ұланда 200 өлең жазған сарбаз борышын өтеп жүр
24.11.2026, 14:17
Зерттеу нәтижесі: Қазақстандықтар елдің даму бағытын оң бағалайды
24.11.2026, 14:15
Спайкингке қарсы заңнамалық түзетулер әзірленеді
24.11.2026, 14:13
Трамп өлім жазасы үкімін тез орындауды тапсырды
24.11.2026, 14:10
Коррупцияға қарсы іс-қимыл – әділетті Қазақстанның негізгі шарты
24.11.2026, 14:08
₸1,1 млрд: Түркістан облысында субсидияны жымқыру бойынша тергеу жүруде
24.11.2026, 14:05
ЖИ-ді жауапкершілікпен пайдалану қажет
24.11.2026, 14:03