«Eolus» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы сотталды
«Eolus» қаржы пирамидасының Астанадағы құрылымдық бөлімшесінің басшысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары былтыр жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салу желеуімен жеке тұлғалардан ақша жинаған. Осы мақсатта кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» серіктестігін тіркеген. Осылайша 535 адамды сан соқтырды. Тергеп-тексеру жұмыстарынан кейін, сот шешімімен 187 млн теңге көлеміндегі криптовалюта тәркіленді.
Айта кету керек, былтыр аталған қаржы пирамидасының Қазақстандағы 10 бөлімшесінің басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Читайте также
Все
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08