Жапонияда коронавирус жұқтырғандарды ВИЧ-ке қарсы дәрімен емдемек
Жапония коронавирус жұқтырғандарды ВИЧ-ке қарсы дәрілермен емдеуді жоспарлап отыр. Мұны бүгін осы елдің министрлер кабинетінің өкілі Йошихиде Суга мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл тәсіл жақында қолданыла бастайды.
Айта кетсек, Жапония жағалауында тұрған круиздік кемеде коронавирусқа шалдыққандар саны күн өткен сайын көбейіп келеді. Әзірге емі жоқ ауру ақпанның 3-нен бері Йокогама портында тұрған лайнердегі 3700 адамның 400-ден астамынан табылып отыр.
Қытайдың өзінде бұл вирустан 1870-ке жуық адам қайтыс болып, 72400-ден астамы жұқтырды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертектері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10
Ертіс пен Үлбінің арнасы зерттеледі
26.11.2026, 17:09