Йеменде әуе соққысынан 40-қа жуық адам қаза тапты
Йеменде Сауд Арабиясының авиациялық соққысынан 40-қа жуық адам қаза тапты. Оқиға елдің солтүстік-батысындағы әл-Джауф деген провинцияда болды. Құрбандардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Ал мұның алдында шиит-хуситтер Саудияның әскери ұшағын атып түсіргендерін хабарлаған еді.
Шииттер 2014 жылы Йеменнің Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындаған үкіметін құлатып, елдің айтарлық бөлігі мен астанасы – Сананы басып алды. Ал 2015 жылдың наурызында Сауд Арабиясы бастаған мұсылман коалициясы Йеменге әскер кіргізіп, содан бері Иранға жақтас хуситтермен соғыс жүргізіп жатыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертектері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10
Ертіс пен Үлбінің арнасы зерттеледі
26.11.2026, 17:09