Түркия Польша мен Балтық елдерін қорғауға тосқауыл қоюы мүмкін
Түркия НАТО-ның Польша мен Балтық елдерін қорғау жоспарына тосқауыл қоюы мүмкін. Мұндай қадамға Анкара Солтүстікатлантикалық альянс Сириядағы күрдтердің отрядтарын террористік ұйымдар деп мойындамаған жағдайда бармақ. Бұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоған НАТО-ның Лондонда өтетін саммитіне аттанарда мәлімдеді.
«НАТО 50-ші, 60-шы, 90-шы, тіпті 2000-шы жылдардағы ұстанымдарын өзгертіп, террорға тиімді, белсенді түрде жауап беретін ұйымға айналуы керек», - дейді Ақ сарайдың қожайыны.
Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның мүшесі. Бірақ, екі жақтың қатынастары Анкара Мәскеуден зымыран кешендерін сатып алған соң және түрік әскері Сирияға кірген кезде оған НАТО қарсылық білдіргенде шиеленісіп кетті.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10