Түркия ДАИШ содырларын еліне қайтармақ
Түркия ДАИШ тобының құрамындағы шетелдік содырларды туған елдеріне жібермек. Мұны осы мемлекеттің ішкі істер министрі Сүлейман Сойлы мәлімдеді. Министр сол содырларды Түркияның мойнына жүктеген елдерді жауапсыз деп сипаттап, Еуропаны әрекетсіздік үшін айыптады.
Түркия өткен айда Сирияның солтүстігіне әскер кіргізіп, ДАИШ-тың 200-дей мүшесін қолға түсірді.
Бұл экстремистік ұйым Ирак пен Сирияның төрттен бір бөлігін басып алып, 2014 жылы халифат жариялады. Алайда содан бері ДАИШ өзі жаулаған территорияларының түгелге жуығы мен лидерінен айырылды. Айта кетсек, Сирияның теріскейіндегі лагерьлер мен түрмелерге бұл топтың мыңдаған содыры және олардың әйелдері мен балалары қамалды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10