Иракта шерулер мен қақтығыстар кезінде 19 адам қаза тапты
Ирактың бірнеше провинциясында үкіметке қарсы шерулер қақтығысқа ұласып, 19 адам мерт болды. Қауіпсіздік күштері демонстранттарға көзді жасаурататын газ шашып қана қоймай, оқ атқан. Халық жұмыссыздыққа, коррупцияға, мемлекеттік қызметтердің нашарлығына наразылық білдіріп көшеге шықты.
Соңғы мәліметке қарағанда, Бағдад, Насирия және өзге қалаларда 400-дей адам жараланды. Елдегі жағдайдың ушыққаны сонша, үкімет үш қалада коменданттық сағат жариялады. Сонымен қатар, көшелерге әскери техника шығарылып, Facebook, Twitter, WhatsApp тәрізді әлеуметтік желілер тоқтатылған.
Ирактағы тұрақсыздыққа байланысты Иран бұл елмен арадағы шекарасын жапқанын мәлімдеп отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Читайте также
Все
Тазалық – мәдениет белгісі
26.11.2026, 17:25
Ақмола облысында кітапқұмар жастар көбейіп келеді
26.11.2026, 17:24
Қазақ ертегілері француз, нидерланд тілінде жарық көрді
26.11.2026, 17:22
Ресейде егін түсімі азайып, азық-түлік қымбаттады
26.11.2026, 17:20
Адал еңбектің түбі – жеңіс
26.11.2026, 17:17
«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады
26.11.2026, 17:15
«Мәдениеттер диалогы – 2026» II халықаралық симпозиумы өтті
26.11.2026, 17:13
Ақмола облысының мектептерінде құқықтану дәрісі көбейді
26.11.2026, 17:10