Ақерке Бектас
1996 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Қаратау қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2015 жылы бастаған.
2015 - 2018 жылдар аралығында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Жамбыл облыстық филиалында тілші, жаңалықтар жүргізушісі, бағдарламалар авторы;
2018 – 2019 жылдар аралығында «Астана» телеарнасында тілші, жаңалықтар жүргізушісі;
2019 – 2021 жылдар аралығында «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы «Apta» сараптамалық бағдарламасының аналитик-редакторы, Экономика жаңалықтарының редактор-жүргізушісі;
2021 жылдан бастап «Aqparat» бағдарламасының жүргізушісі, арнайы тілшісі;
2022 жылдан бастап Президент пулының тілшісі;
2022 - 2025 жылдар аралығында «Aqorda» арнайы жобасының авторы-продюсері, жүргізушісі;
2025 жылдан бастап Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары, «Бас тақырып» бағдарламасының жүргізушісі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті грантының иегері, «Үздік тележурналист» номинациясы бойынша «Тұмар» ұлттық телевизиялық байқауының жеңімпазы.
Смотрите также