Жедел желі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Жедел желі

Жедел желі

«Жедел желі» интерактивті жобасының мақсаты - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, мемлекет пен халық арасына диалог орнату.

Еліміздің Үкімет мүшелері, Парламент өкілдері мен өңір басшылары 1 сағат бойы тікелей эфирде халықпен байланысқа шығып, көрермен сауалына жауап береді.

Көрермен өз сауалдарын «Qazaqstan» телеарнасының WhatsApp, FaceBook, Telegram, Instagram платформаларындағы ресми аккаунттарына жолдап, сол сәтте жауап ала алады.

Сонымен қатар, сауалыңызды видеоға түсіріп jedeljeli@qazaqstan.tv электронды мекенжай мен +7 705 580 66 23  WhatsApp-нөміріне жолдай алады.