Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды (ВИДЕО)

21.09.2015
Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды (ВИДЕО)

Панкратионнан Еуразия Кубогының жеңімпазы Бердібек Иса екі жылдық үзілістен соң спортқа қайта оралды.

Оның спорттан уақытша қол үзуіне аяғынан алған жарақаты себеп болған.

«Бұлай жарақат алғандар тіпті спортпен қоштасып жатады Қазір Бердібек тыңғылықты дайындық үстінде. Қабілеті ерекше. Кезінде сегіз, алты бұрышты рингтерде талай рет жеңіске жеткен. Осылайша, жаттығуын үзбейтін болса, оның биіктерді бағындыратынына сенімім мол», дейді бапкері Ағабек Ілиясұлы.

Қазіргі кезде кәсіби панкратионнан жерлестеріміз әлемдік жарыстарда олжа салып жүр. Ардақ Назаров бастаған «Alem Fighters» клубы да талай жеңістерге жетті. Бүгінде жаттығуын үзбей, үлкен спортқа қайта оралған Бердібек «жекпе-жек клубтарынан шақырту түссе, қарсылығым жоқ», дегенді айтады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіздер.

 

Хабарламаларға жазылу