ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев «Қазақстан Барысы» турниріне қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.
«Әрбір ұлтты танытушы - ол спорт. Спортшыларымыздың арқасында Қазақстан әлемнің түкпір-түкпіріне танылды.
Қазақ әрдайым ақыны мен палуанын құрметтеген халық. Бүгінгі өтіп жатқан V республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің ерекшелігі көп. Себебі, биыл біз Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өткелі отырмыз.
Дала ұрпақтары, Сіздерге табыс тілеймін! Батыр бабаларымыздың әруағы қолдасын! Жеңіске жетіңіздер!», - деді Б.Сапарбаев.
Айта кетейік, «Қазақстан Барысы» турнирін «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде. Финалдық белдесулерді сағат 16.35-те Ұлттық арна эфирінен тамашалай аласыздар.