Кәсіпкер, «ZHERSU» корпорациясының президенті Бауыржан Оспанов еңбекке ерте араласқан жан. Үшінші сыныптан бастап қабырғасы қара жұмыспен қатаяды. Сол еңбекқорлықтың жемісін көріп отырған ол – қазір елге сыйлы меценат.
Бауыржан Оспановтың ән-күйге деген ықыласы ерекше. Бала кезінде гитара, гармонь тартып үйренеді. Қазір терме-толғауларға әуес.
Ол сондай-ақ, кітапқұмар. Көп оқиды, көп ізденеді. Туған ауылында екі кітапхана болған екен. Бірі – мектептікі, екіншісі – ауылдық. Бауыржан бала кезінде сол кітапханалардағы кітаптарды бас көтермей оқитын көрінеді.
Жастайынан жылдың төрт мезгілінде де спортпен шұғылдануды жөн көретін ол балалық шағын: «Қар жауысымен-ақ ауыл балалары далаға шаналарын алып шығатын. Көлік жүріп өткен жолда хоккей ойнайтынбыз. Шанамен дөңнен төмен қарай құйғытатынбыз», -деп ерекше еске алады.
Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де «Сенбілік таңды» көріңіз.