«Сенбілік таң» Жақсылық Үшкемпіровтің шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» Жақсылық Үшкемпіровтің шаңырағында

22.08.2015
«Сенбілік таң» Жақсылық Үшкемпіровтің шаңырағында

Жақсылық Үшкемпіровтің жауды тізе бүктіретін құпия тәсілдері болатын. Солардың бірі – арқадан асырып лақтыру, бұл тәсілді палуан жақсы меңгеріп, соның арқасында талай қарсыластарын тізе бүктірген.

Чемпион күрес кезінде  қарсыласын дәл бағалай біліп, оның осал жерлерін анық байқап, кездесу нәтижелерін өз пайдасына шеше білетін.

Оқып жүрген кезінде шаңғы жарысынан қашып жүріп, еркін күреске келген чемпион ол кездерді былайша еске алады: «Мен жарысқа қатыспақ түгілі, шаңғы бір жаққа, өзім бір жаққа ұшып түсемін. Шаңғы теппесең «зачет» жоқ. «Зачетің» болмаса сессияға жібермейді. Оның соңында оқудан шығу тұр.

Ал, шаңғы тебе алмағанның жазасы – спортзалда күрес кілемін тігу.  Кілем тігуден көз ашпадым. Бар ойым қалай да «зачет» алу.  Осылайша, кілем жамап жүргенімде Лю Вен Хай деген бапкер келіп,  не істеп отырғанымды сұрады. «Кілем тігіп отырмын, шаңғыдан «зачет» алуым керек»,-дедім.

Ол кісі: «Сен өзі күресе  білесің бе? Егер ана баланы жықсаң «зачетыңды»  мен-ақ қойдырып берейін»,-деді. Дереу шешініп тастап, күресе кеттім. Әдіс-тәсіл дегенде шаруам жоқ. Ұстасқан бойда көтеріп соқтым. Бапкердің өзі қалай жыққанымды байқамай қалды.

Кейін тағы бір баламен күрестірді. Л.В.Хан «Зачетімді»  сол күні қойдырып берді де, шаңғыдан босатып алды.  Мені күрес кілеміне қуып шығарған – шаңғы. Дұрысы, шаңғы тебуден қашып, еркін күреске бардым...».

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионының тағы қандай сыры бар? Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де «Сенбілік таң» бағдарламасын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу