«Дін тұтастығы - ел тұрақтылығы» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дін тұтастығы - ел тұрақтылығы»

03.07.2015
«Дін тұтастығы - ел тұрақтылығы»

Адамзатты сақтаудың жолы – дінаралық татулық. «Халықсыз дін болмайды, дінсіз халық болмайды» деген сөз бар.

Ислам дінінің өзге дінді, өзге салт-дәс­түрді құрметтей білуі бей­бітшілік пен береке ұйытқысы екенін дәлел­дейді. Со­ның ар­қасында адамзат баласы бү­гінге дейін адам­гер­шілік қа­сиетін биік ұстап, түрі, тілі, діні бөлек болса да, барлық халықты тең көріп  келеді.

Өркениеттің сара жолы қашанда діннен бөлек қарастырылмаған. Жер шарындағы ортақ тір­шілік те  ауызбіршілікке келіп түйіседі. Қазақ елінің Ас­танада тұтас ғаламдағы тү­гел дін өкілдерін жинап съезд өткізуі – дінаралық татулықты нығайту.

Бүгін Ұлттық арнадан 12:40-да «Иман айнасы» хабары осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу