Кеше Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдында Джузеппе Вердидің «Аида» операсы қойылды. Ашық аспан астында халық назарына ұсынылған туынды бұрын-соңды болмаған оқиға.
«Аида» операсы мен пирамида пішіндес салынған Бейбітшілік және келісім сарайы бір-бірімен үндесіп тұр. Аида өмір сүрген кезең дәл осы ғимараттың жанында халыққа ерекше әсер ететінін білдік. Менің ойымша, «Аида» операсы біздің елдің мәдениеті кеңістігіндегі үлкен оқиға»,- дейді «Қазақ әуендері» АҚ президенті Асхат Майемеров.
Әлемдік деңгейдегі қойылымды тамашалауға Елбасы арнайы келді. Сондай-ақ, халық қалаулылары мен танымал өнер жұлдыздары да болды. Қойылымды сахналауға 300-ге жуық әртіс пен 200-ден астам техника маманы жұмылдырылған.
Операдағы бас партияларды Болгариядан келген тенор Камен Чинаев және «Астана Опера» солисі Жұпар Ғабдуллина орындады. Қойылым режиссері -Ресейдің халық әртісі Юрий Александров.
«Бұл – менің репертуарымдағы көптеген опералардың бірі. «Аида» операсы образ жағынан маған өте жақын. Бұл – вокалдық-техникалық жағынан кез келген әншінің қолынан келе бермейтін опера»,-дейді «Астана Опера» театрының жетекші солисі Жұпар Ғабдуллина.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.