Бүгін – Жамал Бектасованың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Жамал Бектасованың туған күні

01.07.2015
Бүгін – Жамал Бектасованың туған күні

Жамал Бектасова 1923 жылы Алматы қаласында туған. 1940 жылы Асқар Тоқпановтың жетекшілігімен театр мектебін тәмамдады. Оқудан кейін театр мектебі жас актрисаны жолдамамен Қызылорда облыстық театрына жібереді. Содан бірқатар басты  рөлдерді сомдаған қазақ қызының театрда өзіндік образы қалыптасады.

Қазақ телевизиясының Алтын қорында Жамал Бектасова сомдаған бірқатар образдар сақталған. Соның бірі «Күшік күйеу» спектакліндегі   Биғайша рөлі өте сәтті шыққан еді. Өйткені, атақты Әмина Өмірзақова сынды жұлдызды актерлік құраммен өнер көрсеткен актриса қойылымға бар күшін салды.

Жамал Бектасова театрдан бөлек, «Ана туралы аңыз», «Абай әні», «Айнамкөз» фильмдеріне түсіп, 200-ден астам кинотуындының дубляж жұмысына қатысты.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу