Бүгін - Иманғали Тасмағамбетовтің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Иманғали Тасмағамбетовтің туған күні

09.12.2014
Бүгін  - Иманғали Тасмағамбетовтің туған күні

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында дүниеге келген.

1979 жылы Орал қаласының А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын тәмамдаған. 1993 жылдан ҚР Президентінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 1995 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 1997 жылы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Білім және мәдениет министрі, 1997 жылы ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы - ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

1998 жылдан ҚР Президентінің бірінші көмекшісі, 1999 жылдан Атырау облысының әкімі, 2000 жылдан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2002 жылдан ҚР Премьер-Министрі, 2003 жылдан ҚР Мемлекеттік хатшысы.

2004 жылы ҚР Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 2004 жылдың желтоқсанынан 2008 жылдың сәуіріне дейін Алматы қаласының әкімі, 2008 жылдан  Астана қаласының әкімі болды. 2014 жылдан бастап - ҚР Қорғаныс министрі.

И. Тасмағамбетов саяси басшылық қызметтерді атқара жүріп, Моңғолияға, Батыс Қазақстанға және Ресейдің Астрахань облысына Халықаралық мәдениеттанушылық экспедициялар ұйымдастырған.

Соның нәтижесінде 2000 жылы  Моңғолиядан Қазақстанға ежелгі түбегейлі Күлтегін тас хатының көшірмесі орнатылды.

Ол - Қазақ мәдениеті мен тарихының мұраларын жаңғыртып, көпшілікке жеткізуге еңбек еткен қайраткер.

«Парасат» орденімен (1998 ж), «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен (2004 ж), Ресейдің «Дружба народов» орденімен марапатталды.

 

 

Хабарламаларға жазылу