Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

30.06.2015
Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті. Жуырда «Астана» әніне бейнебаян түсірген әнші: «Бейнебаянның сөзін жазған – Таңшолпан Абайқызы,  әні – өзімдікі»,-дейді.

«Қазір «Мәңгілік ел» деген әнді аяқтадым. Одан басқа да әндер бар. Әндерім дені  патриоттық бағытта. Алғашқыда, лирикалық әндерді де жаздым. Бірақ, Астананы көргенде ән жазбау мүмкін емес».

Домбырамен қатар, фагот атты аспапты шебер меңгерген Берік Сексенбекұлы: «Бұл аспапты меңгеремін деген ой болмаған еді. Оқуға түсерде гитарамен ән айтамын, деп келдім. Алайда, онда мектептен алған музыкалық білім керек екен. Менде музыкалық білім болмаған соң, қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсе алмайтынымды айтты.

Содан музыкалық білімсіз үйренуге болатын қандай аспап барын сұрағанда, осы фаготты көрсетті.  Алғашқыда, фаготты үйренейін, кейін гитараға ауысамын деген ой болды. Бірақ, алты айдан кейін айнып қалдым. Бұл – үні ерекше керемет аспап»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу