Астана теміржол вокзалында «Құқық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен акция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана теміржол вокзалында «Құқық» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен акция өтті

29.06.2015
Астана теміржол вокзалында «Құқық» қоғамдық қорының  ұйымдастыруымен акция өтті

Астанада теміржол вокзалы ғимараты мен вокзал маңы аумағында «Сенің өмірің. Сенің таңдауың. Сенің қоғамың» ұранымен «Құқықбұзушылыққа нөлдік төзімділік. Есірткіге нөлдік төзімділік» акциясы өтті.

Шара Астана қалалық «Даналық» медицина колледжі студенттерінің флешмобымен ашылды.

Акцияны  «Астана - есірткісіз қала» жоспарын іске асыру аясында Көліктегі Ішкі істер департаменті, Жастар саясаты мәселелері және Білім басқармасының қолдауымен «Құқық» қоғамдық қоры ұйымдастырған.

Оған құқықбұзушылық әрекеттерге қатысы бар кәмелет жасқа толмағандар тартылған.

Акция аясында түрлі байқаулар, спорттық шаралар мен колледж студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Мақсат - түрлі топтағы адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. 

Хабарламаларға жазылу