Астана қаласының теміржол вокзалында транспорттық полиция өкілдері тексеріс өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана қаласының теміржол вокзалында транспорттық полиция өкілдері тексеріс өткізді

14.02.2018
Астана қаласының теміржол вокзалында транспорттық полиция өкілдері тексеріс өткізді

Қоғамдық қауіпсіздік - басты назарда. Астана қаласының теміржол вокзалында транспорттық полиция өкілдері тексеріс өткізді. Арнайы шара кезінде 20-дан астам адамға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көбі теміржолдан жүгіріп өткен, не қоғамдық орында темекі тартқан. Жалпы, жыл басынан бері 7 мыңға жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда, 2 мыңнан астамы өз қатесін мойындамаған. Өз кезегінде, бұл тексеру жұмыстары көшеде мас күйде жүрмеуге және кез келген орында қоқыс лақтырып, тыйым салынған жерде шылым шекпеуге жетелейді.

Дәулет Әбдікәрімов, Астана қаласы станциясы Желілік басқарма бастығының орынбасары:

 - Кеше 30 шақты адам ұсталды. Бірінші ескерту болады, содан кейін айыппұл салынады. 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу