Темірбек Қожекеевтің «Жарқын бейнесі» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темірбек Қожекеевтің «Жарқын бейнесі»

08.12.2017

Ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы Темірбек Қожакеев 1926 Жамбыл облысында дүниеге келген.

Қазақ Мемлекеттік Университетін бітіргеннен кейін өмірінің соңына дейін Әл-Фараби атындағы университетте қызмет атқарды. Қожакеев қазақ сатирасының тарихы мен оның жанрлық-көркемдік ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан зерттеді.

 

Қазақ сатирасының даму жолына арнап «Қазақ сатирасы», «Абай – сатирик», «Қазақ совет сатириктері», «Бүгінгі қазақ сатирасының проблемалары» сияқты бірқатар еңбектер жазды.

Қазақ әдебиеті мәселелері бойынша «Абай және Сұлтанмахмұт», «Қазақ мысалы», «Әлемнің Әуезові» зерттеулерін жариялады. Мемлекеттік қайраткерлер мен жазушылар, журналистер мұраларына арналған еңбектер жазды.

 

Ғалым, ұстаз, қайраткер қандай қасиеттерімен ел есінде қалды? «Жарқын бейне» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу