Астанада шетелде ем қабылдау үшін министрлік тізімінде тұрған қазақстандық балаларға операция жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада шетелде ем қабылдау үшін министрлік тізімінде тұрған қазақстандық балаларға операция жасалады

27.06.2015
Астанада шетелде ем қабылдау үшін министрлік тізімінде тұрған қазақстандық балаларға операция жасалады

«Қасиеттi жол» қайырымдылық қоры және «Exxon Mobil Corporation» жобасының  демеушілігімен 1-5 шілде аралығында Астана қалалық №2 балалар ауруханасында «Несеп жолдарының туабітті кемістігі бойынша балалар урологиясындағы реконструктивті операциялар» атты шеберлік сыныбы өтеді.

Шеберлік сыныбын балалар урологиясы саласында үздік танылған дәрігер, Лондондағы «Great Ormond Street Hospital» емханасының профессоры Имран Муштак өткізеді.

Өткен жылы ұлыбританиялық маманның қатысуымен 5 операция жасалып, балалар ауыр дерттен құлан-таза айыққан.

Шара аясында  бүйрек, қуық қалбыршағы және жыныс мүшелеріне ауыр деңгейдегі 11 реконструктивті-пластикалық операция жасалмақ.

Қазіргі уақытта бұл балалар шетелде ем қабылдау үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің тізімінде тұр.

Біліктілік деңгейін арттыру отандық дәрігерлерге ауыр санаттағы операцияларды елімізде жасауға мүмкіндік бермек. 

Хабарламаларға жазылу