Жансейіт Түймебаев «Қазақстан» Ұлттық арнасының Түркиядағы меншікті тілшсі Бақытжан Омарды ақпарат және байланыс қызметкерлері мерекесімен құттықтап, алғыс хат табыстады.
Алғыс хатта «Қазақстан Республикасының «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының Түркиядағы меншікті тілшісі бола жүріп атқарған еңбегіңіз, еліміз игілігі мен кеңінен танылуы жолында көрсеткен қажыр-қайратыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін және жемісті еңбек жолыңыз алдағы уақытта да жалғасын таба берсін деп тілек білдіремін» делінген.