«Сенбілік таң» Қанат Құдайбергеновтің шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» Қанат Құдайбергеновтің шаңырағында

27.06.2015
«Сенбілік таң» Қанат Құдайбергеновтің  шаңырағында

Өнерімен жұртшылыққа танылған Қанат Құдайбергеновтің  негізгі кәсібі – күйшілік. Оның репертуарында көптеген күйлермен қатар, классикалық шығармалар - Огинскийдің, Моцарт, Брамстың туындылары бар.

Құдайбергеновтер отбасылық ансамблінің құрылу тарихы Қанат пенен Айткүлдің шаңырақ көтеруінен басталды.

Ерлі-зайыптылар алғаш дуэт болып таныла бастағанда олардың ән қоржынында «Әгугай, домбыра», «Сырғалым», «Көзіңнен айналайын», «Желбір жекен», «Жанай сылқым», «Бипыл», «Керім-ай», «Жолың болсын жолаушы», «Көңіл сыры» сияқты т.б. көптеген әндер, термелер  болды.

Қазақ әндерін дуэтпен домбырада ең алғаш орындаған ансамбль туралы толығырақ бүгін 09:00-де «Сенбілік таң» бағдарламасынан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу