Теннистен әйелдер және ерлер арасындағы «Уимблдон – 2015» турниріне жеребе тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теннистен әйелдер және ерлер арасындағы «Уимблдон – 2015» турниріне жеребе тартылды

26.06.2015
Теннистен әйелдер және ерлер арасындағы «Уимблдон – 2015» турниріне жеребе тартылды

Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас «Уимблдон» турнирінің алғашқы айналымында италиялық теннисші Флавия Пеннеттамен сынға түседі. З.Диас әлемнің 34-ракеткасы болса, 33 жастағы Пеннетта 24-орында. Екі теннисші бір-бірімен әлі ойын өткізбеген.

Тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведова алғашқы айналымда хорватиялық теннисші Мирьян Лючич-Баронимен кездеседі. 27 жастағы Я.Шведова әлем рейтингінде 77-орында болса, қарсыласы Лючич-Барони 54 орында.

Ал, тағы бір отандасымыз Юлия Путинцева Жаңа Зеландия спортшысы Марина Эраковичке қарсы кортқа шығады. 20 жастағы Ю.Путинцева рейтингте 95-орыда, ал, Эракович - 86-сатыда орналасқан.

Ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымда осы турнирдің 2013 жылғы чемпионы британиялық – Энди Марреймен кім мықтыны анықтайды.

Александр Недовесов негізгі айналымға іріктеу кезеңі арқылы қатысады. Ол сербиялық теннисші Виктор Троицкимен ойнайды.

 «Уимблдон – 2015» турнирі 29 маусыммен 12 шілде аралығында өтеді. 

Хабарламаларға жазылу