Ғайрат Сапарғалиев – 36 жасында КСРО-ның ең жас ғылым докторы атанған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғайрат Сапарғалиев – 36 жасында КСРО-ның ең жас ғылым докторы атанған

26.06.2015
Ғайрат Сапарғалиев – 36 жасында КСРО-ның ең жас ғылым докторы атанған

Небәрі 36 жасында КСРО-ның ең жас ғылым докторы атанған Ғайрат Сапарғалиев еліміздегі заң жүйесінің қалыптасуына еселі еңбек сіңірді. Ғалымның жетекшілігімен екі докторлық, 20-дан аса кандидаттық дисертация қорғалды. Сондай-ақ, ол 370-тей ғылыми еңбектің авторы.

«Бұл кісінің еңбектерінің бәрі Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына, Қазақстанның Конституциясына, жалпы тарихымызға байланысты жазылған дүниелер. Қазақ елінің дүниежүзіндегі мемлекеттердің бірі болуына үлкен үлес қосқан азаматтардың бірі»,-дейді ҚР ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Сұлтан Сартаев.

Ғайрат Сапарғалиев – еліміздің заң ғылымының дамуына саналы ғұмырын арнады. Тек осы салада ғана емес, ол Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбектерін зерттеп, зерделеді. Солардың ішінде Алаш зиялысы Жақып Ақбаев туралы терең зерттеу жүргізді.

Бүгінде ғалымның соңында қалған мұраларын насихаттау мақсатында жыл сайын «Ғайрат Сапарғалиев оқулары» өтіп тұрады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу