Ғалымдар ғылыммен айналысып жүр ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар ғылыммен айналысып жүр ме?

18.02.2018

Ғылымсыз біздің болашағымыз жоқ. Ешқашан естен шығармаған абзал. Сондықтан, бұл сала әрдайым құзыретті органдардың ерекше бақылауында болуы тиіс. Ал, енді бізде жалпы қанша ғалым бар, олар немен айналысып жүр деп сұрау салып көрген болатынбыз. Мынадай мәлеметтерге қол жеткіздік. Тек Тәуелсіздік жылдарының өзінде 6094 адам ғылым докторы атанған. Ал, 21 706 адам ғылым кандидаты дәрежесін алған. Бұған 1198 PhD докторды қосыңыз. Барлығын қоссақ, 28 998 ғалым болады. Алайда, бұлардың тек 8 мыңға жуығы ғана ғылыми зерттеулермен айналысып жүргені мәлім болды. Оның 1821 ғылым докторы, мыңға жуығы (980)-і PhD докторы. 5 100-ден астамы ғылым кандиты. Қалған 21 мыңнан астам ғалым туралы ешқандай ақпарат жоқ. Бұл - былтырғы дерек. 

Хабарламаларға жазылу