Астанада «Сахнадан сәлем!» театр фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Сахнадан сәлем!» театр фестивалі басталды

23.06.2015
Астанада «Сахнадан сәлем!» театр фестивалі басталды

Халықаралық «Сахнадан сәлем!» театр фестивалі биыл үшінші рет шымылдығын түрді. 22-28 маусым аралығында өтетін  мәдени іс-шараға барлығы 14 театр ұжымы қатысады. Олардың ішінде Мәскеу Губерния театры және Александр Грибоедов атындағы мемлекеттік академиялық Тбилиси театры да бар.

«Біз биыл «Сахнадан сәлем!» фестиваліне «Сирано де Бержерак»  комедиясымен келіп отырмыз. Бұл қойылым астаналық  көрермендерге ерекше таныс, деп ойлаймыз.  Аталмыш қойылымды зағип жандар да еркін тамашалай алады.

Жалпы, біздің театрда арнайы институт бар. Бізге келіп, тифлокомментатор  саласы бойынша, арнайы білім алып, оқимын дегендерге зор мүмкіншілік бар. Алдағы уақытта Қазақстанға балаларға арналған қойылыммен келуді жоспарлап отырмыз»,-дейді Ресейдің халық әртісі, режиссер Сергей Безруков.

Сондай-ақ, фестиваль аясында елордалық және Ақтөбе, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан арнайы келген  театр ұжымының тың әрі жаңа қойылымдарын тамашалауға болады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу