Көне суреттер тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көне суреттер тарихы

19.06.2015
Көне суреттер тарихы

Бұл фотолар XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында түсірілген. Бертін келе суреттер «Түркістан альбомына» еніп, үлкен жинақ болып шықты. Генерал-губернатор Константин Кауфманның тікелей тапсырмасымен осы жинаққа 1200 сурет іріктеліп алынған. Төрт бөлімнен тұратын альбомға алғашында К.Богаевскийдің фотолары енген.

«Түркістан альбомы» 1872 жылы жарыққа шығып, 1934 жылы толықтырылып, қайта басылып шықты. Негізінен көне суреттердің көшірмелері Өзбекстан мен Ресейдің мұрағатында сақталған.

Бертін келе түсірілген фотолардың да әлі де болса зерттелер тұсы көп. Алаш арыстарының ішінде Сәкен Сейфуллиннің фотосы көп екен. Тіпті, ақынның ұлы Аянның да бала кездегі суреті бар.  Бұл да соңғы жылдары табылған деректердің қатарында.

Осындай көне фотоларды тауып, әлеуметтік желі арқылы халықпен бөлісіп отыратын жастың бірі – Заңғар Кәрімхан. Бүгінде Заңғардың қолында өзі ізденіп тапқан 50-ге жуық фото бар.

«Қазақ жеріне суреттер ең алғаш рет 1850 жылдардан бері  келе бастады. Табылған суретті өзіміз ғана ұстамай, халыққа таратқан жөн. Себебі, оның авторы біз емеспіз. Қазір мен дәнекер болып отырмын. Бұл да болса, біреудің жазып отырған еңбегіне, ғылыми зерттеуіне үлкен көмек»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу