Есен Елеукен: Биыл алғаш рет жазғы фестиваль өткізгелі отырмыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есен Елеукен: Биыл алғаш рет жазғы фестиваль өткізгелі отырмыз

18.06.2015
Есен Елеукен: Биыл алғаш рет  жазғы фестиваль өткізгелі отырмыз

«Қазақстан КВН одағы»  Республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті  Есен Елеукен  бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Жалпы, «Қазақстан КВН одағының» ресми тіркелген күні 20 маусым. Жыл сайын осы күнге орай әрі Астана күні қарсаңында біз  арнайы жоба өткіземіз. Ол – «Туған күн» деп аталады. Биылғы жоба ерекше болғалы тұр. Жобаға «Қазақстан КВН одағының» соңғы төрт чемпионы қатысады.

Олар: «Арал-Ас», «Экспресс», «Назар аудар» және ҚазҰУ құрамасы. Сондай-ақ, бұл жобаға  биыл ойнап жүрген тағы төрт команда қосылады. Соңғы үш күн бойы қызу дайындық үстіндеміз. Бастысы, көрерменнің көңілінен шығу»,-дейді Есен Елеукен.

«Бұрынғыға қарағанда командалар санын шектеп жатырмыз.  Мысалы, Жоғары лигада 24 команда болса, қазір 20 команда.  Премьер лигада бұрын 30 команда еді, қазір 24-ке түсірдік. Мұны келер жылы да қысқартамыз деген ойдамыз. Себебі, бастапқыда насихаттау мақсатында командаларға көбірек уақыт берсек, қазір  сапаға көп көңіл бөліп жатырмыз».

«Тағы бір ерекше жаңалығымыз, тамыз айында алғаш рет  жазғы фестиваль өткізгелі отырмыз. Бұл фестивальді Қазақ хандығының 550 жылдығына арнаймыз. Фестиваль  аясында семинарлар өткізіліп, айтыс, асық ату сынды түрлі шаралар ұйымдастырылады».

«Жайдарман» әзілқойлар мен тапқырлар сайысы бағдарламасы төңірегінде өрбіген әңгімені «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу