Саясаткер жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
13 мамыр күні Демирел тыныс алу жолдары сырқатымен Анкараның ауруханасына түскен. Бір ай көлемінде тыныс алу инфекциясы және жүрек талмасынан емделген. Кеше түнде жағдайы күрт нашарлап, сейсенбіден сәрсенбіге қараған түнде өмірден өткен.
Айта кетейік, Түркия Сүлеймен Демирелдің Президенттік қызметі тұсында, Қазақстанның Тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел. Қазақстанда Сүлеймен Демирел атында университет бар.