Алматы онкологиялық орталығында пресс-тур өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы онкологиялық орталығында пресс-тур өтеді

16.06.2015
Алматы онкологиялық орталығында пресс-тур өтеді

17 маусым күні Алматы онкологиялық орталығында пресс-тур өтеді. Шара барысында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне диагностика және емдеу шараларына арналған заманауи медициналық құралдармен жабдықталған операция жасау бөлмесі таныстырылады.

Нақтырақ айтқанда, мұнда орналастырылған Қазақстандағы тұңғыш интраоперациялық сәулелі терапия құрылғысы қатерлі ісік түрлерін емдеуге арналған. Сондай-ақ, интраоперациялық нейромониторингке арналған инновациялық жүйе, рак ауруының диагностикасын жылдам анықтауға мүмкіндік беретін заманауи иммуногистохимиялық зертхана бар.

Бүгінде Алматы онкологиялық орталығының емделушілеріне  бауыр, жатыр мойыны және ұйқы безі рагын химиоэмболизация әдісімен емдеу қолжетімді болып отыр.

Орталықта күніне орта есеппен 25-ке жуық операция жасалады. 

Хабарламаларға жазылу