«Жетім көрсең, жебей жүр...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жетім көрсең, жебей жүр...»

16.06.2015
«Жетім көрсең, жебей жүр...»

Ресми деректерге сүйенсек, біздің елде 80 мыңнан астам жетім бала бар екен. Яғни, еліміздің әрбір екі жүзінші тұрғыны – балалар үйінде тәрбиеленуде. Жыл сайын оның оннан бірі он сегіз жасқа толып, қоғамның толыққанды мүшесіне айналады.

Алайда, сол баланың бәрі баспанамен қамтылып, қызметке тұрып кете алмайды. Неге? Жетімдер үйінен кеткен соң, олар қайда барады? Мемлекеттік бағдарламалардың көмегі бар ма?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» балалар үйінде тәрбиеленіп, он сегіз жастан кейін тағдырдың талқысында қалған жандарға арналады. 21:05-те Ұлттық арнадан көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу