Мейірімге шөлдеген сәби жүрек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейірімге шөлдеген сәби жүрек

25.10.2014
Мейірімге шөлдеген сәби жүрек

«Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,

Мама кеп бір иіскеші маңдайымды,
Ақуызға толмаған таңдайымды,
Толтырайын айтумен жағдайымды...».

Жетімдіктің қасіреті мен қайғысына толы өлең шумақтарын төрт құбыласы тең адамның түсіне қоюы қиын. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің, тіпті, жеті атасын білмей өмір сүру дегенді түйсіне алмасы анық.

Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты бойына терең сіңірген халық. Алайда соңғы кездері іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама? Соның салдарынан елімізде жәутеңдеген қара көздердің саны артып, жетімдер үйі көбеюде.

Бүгін 19.45-те «Тағдыр» хабары жетімдер үйі туралы ой өрбітпек.

Хабарламаларға жазылу