Павлодар облысында 17-ші рет Қымызмұрындық мерекесі аталып өтіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 17-ші рет Қымызмұрындық мерекесі аталып өтіледі

09.06.2015
Павлодар облысында 17-ші рет Қымызмұрындық мерекесі аталып өтіледі

Бұл туралы агенттікке мұсылман әйелдер лигасы Павлодар облыстық филиалының төрайымы Бақытжамал Максилова мәлім етті.

«Жаздың жылы шырайлы күндері келетін Қымызмұрындық мерекесінің қасиеті ерекше. Жылдағы дәстүр бойынша қазақ халқының қымыз күніне арналған ежелгі мейрамы - Қымызмұрындық Павлодар қаласының мәдениет және демалыс саябағында өткізілетін.

Бұл жолы баянауылдықтар жұртшылықтың назарына қасиетті сусынның дастарханға қалай келетіні жайында көріністер әзірлеуде. Мәселен, Бірлік ауылдық аймағы уыз қымыз, бал қымыз және сары қымыз түрлерін ұсынса, Құндыкөл ауылы іс жүзінде жылқы терісінен тігілген ыдыс - қазақтың қара сабасын дайындауды, Сәтбаев ауылдық округі қымызды пісу, сапыру, қонақтарға тарту сияқты көріністер ұсынады.

Ал, Ұзынбұлақ ауылы қымызды әзірлеудің құпиясымен бөліседі. Торайғыр ауылы биенің ашымаған сүті - саумал туралы айтып береді. Сондай-ақ Тілек Сейітов пен Нұрқанат Қайратовтың қатысуымен ақындар айтысы өтеді», - дейді Б.Максилова.

Мұсылман әйелдері лигасы төрайымының айтуынша, мереке кезінде төрт киіз үй тігіліп, алтыбақан орнатылады.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

 

Хабарламаларға жазылу