Сайтан судың зардабы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайтан судың зардабы

09.06.2015
Сайтан судың зардабы

Араққа үйiр адамның қызметте абыройсыз, ағайынға, көршi-қолаңға беделсiз болатыны белгiлi. Тек өзi ғана емес, отбасын да бақытсыз етеді.

Ащы судың кесірінен талай шаңырақтың шайқалғаны, талай әйелдің жесір қалып, баланың жетім атанғанын бүгінгі қоғам көрсетіп отыр.

Қиыны сол, көбіне  маскүнемдікке салынатын – жастар. Әуелде ішуді  қызық көріп, көңіл көтеру үшін бастайтын олар, кейіннен арақтың шырмауынан шыға алмай қалады. Ал, мұның соңы қайғыға душар етіп жататын жайттар да көп.

Бүгінгі «Қылмыс пен жазаның» кейіпкері маскүнем баласының қорлығына шыдай алмай, біреулерге тапсырыс беріп өлтірткен ана. Мұндай қадамға баруына не себеп? Бүгін 19:10-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу