Қайрат Нұртас: Жүлдеге халықтың қолдауымен ие болдым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Нұртас: Жүлдеге халықтың қолдауымен ие болдым

08.06.2015
Қайрат Нұртас: Жүлдеге халықтың қолдауымен  ие болдым

Сыйлықты иеленген кездегі әсерімен бөліскен Қайрат: «Әркімнің өз арманы бар. Өз еліңде мұндай сыйлық алу менің ғана емес, әр әншінің арманы, деп ойлаймын.

Бұл жүлдеге алдымен Алланың қалауымен, сосын халықтың қолдауымен  ие болдым. Өте қуаныштымын.  Осы додада қарсылас болған әр әнші мықты талант. Оларға алдағы жобаларда топты жарып шығуларына тілектеспін»,-дейді.

Мұндай ауқымды  жарысқа алғаш рет қатысып отырған жас әнші  Индира Елемес: «Алдымен, «МузТВ» телеарнасының басшысы Арман мырзаға екі ел арасындағы мәдени байланыстың нығаюы жолында атқарған шарасы үшін алғыс білдіргім келеді. Мен мұндай үлкен жобаға алғаш рет қатысып отырмын. Халықтың қошеметінен үлкен әсер алдым»,-дейді.

«Алдағы уақытта тыңдарманға ұсынар 3-4 әнім дайын тұр.  Уақыты келгенде халық бағасын бере жатар»,-дейді Қайрат Нұртас.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу