Қайрат Әділгерей: Маған Ұлттық арна үлкен сенім артып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Әділгерей: Маған Ұлттық арна үлкен сенім артып отыр

06.03.2018

«Мақпалдың мекені» айдарыны бүгінгі қонағы - актер Қайрат Әділгерей. Төрт күн бұрын әке атанған Қайрат өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«2 наурыз күні қызды болдым. Үлкен ұлым мен қызымнан кейінгі сәбиім үлкен қуаныш сыйлады. Есімін Айнамкөз деп қойдық. Қызымды әлі көрген жоқпын. Бүгін кешке Алматыға жол тартып, үйіме барамын. Одан кейін 1-сәуірге дейін гастрольдік сапарға шығамын. 22-23 наурызда мерекеге орай Бейбітшілік және келісім сарайында үлкен концерт береміз.

Соңғы жаңалықтарға байланысты әлеуметтік желі мені талқыға салып жатыр. Оған дайынмын. Бұл жұмыс мен үшін жаңа. Маған Ұлттық арна үлкен сенім артып отыр. Менің артымда үлкен шығармашылық топ бар. Солардың қолдауымен бағдарлама жаңа маусымда жалғасады. Қазір өзімді қалыптастырып жатырмын. Сондықтан жаңа өзгерістерге дайынмын. Мақсатым біреудей болу емес. Бәріне уақыт керек», - дейді өнер иесі.
 

 

Хабарламаларға жазылу