Ғалымдар жазда күн көзінен сақтануға кеңес береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар жазда күн көзінен сақтануға кеңес береді

07.06.2015
Ғалымдар жазда күн көзінен сақтануға кеңес береді

АҚШ-тың жеке меншік Йель университетінің мамандары күнге көп қыздырынғаннан тері обыры пайда болатынын ескертті. Дәрігерлердің айтуынша, тіпті бірнеше сағат күн астында жатып немесе жүріп қалсаңыз, соның өзі тері аурының тууына әсер етеді.

«Meddaily» басылымының жазуынша, «ультракүлгін сәулелі ДНҚ құрамын өзгертіп, тері жасушаларына зиян ететіні әуелден белгілі. Меланин - сәулені «жұтады». Алайда, осы уақытқа дейін ғалымдар сіңген сәуле қуаты ары қарай қалай әсер ететінін анықтай алмай келген. Энергия жұтқан меланин қауіпті реакцияларды тудыратыны енді ғана белгілі болды».

Жаңа ғылыми қорытынды бойынша, ғалымдар енді сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін күн астында көп қалмауға кеңес береді.

Хабарламаларға жазылу