«Келбетте» - Мырзакәрім Кәрімұлы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келбетте» - Мырзакәрім Кәрімұлы

07.06.2015
«Келбетте» - Мырзакәрім Кәрімұлы

Урология – медицинаның үлкен бір саласы. Ол бүйрек, қуық қана емес, бүгінде ұлттың болашағына қауіп-қатер туғызып отырған белсіздікті де емдейді. Ал, белсіздік ата-тегіңді жалғастыратын ұрпақ әкелуге, шаңырақтың шайқалуына бірден бір себепші болуда.

Мырзакәрім Кәрімұлы мамандық таңдаудан жаңылған жоқ. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде-ақ дәрігер болуды армандап, алдына үлкен мақсат қояды. Оның өзіндік себебі де бар еді.

Өйткені, жанындай жақсы көретін атасы екі жыл бойы зәрі жүрмей, түтік арқылы өмір сүреді. Ол кезде қазіргідей, жетілдірілген технология жоқ. Атасының қатты қиналғанын көрген зерек те талапты бала сол кезде-ақ өз байламын жасайды.

Бүгінде медицина ғылымдарының докторы, дәрігер-уролог Мырзакәрім Кәрімұлының басшылығымен қуық түбі безінің қатерлі ісігінің алдын алу және оны ерте анықтау бағдарламасы жасалған.

400-ден аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 16 монографияның, 2 оқу-әдістемелік құралының, 1 оқулық пен 61 өнертабыстың авторы. Ғалымның жетекшілігімен 14 докторлық және 17 кандидаттық диссертация қорғалды.

Хабарламаларға жазылу