Төрелік ету және қадағалау департаменті жұмысының тәуелсіздігі мен төрешілер жұмысына баға беру жөніндегі сауалға да комиссия инспекторлары жауап береді. Олар Төрелік ету және қадағалау департаментінің жұмысы жүз пайызға тәуелсіз болуы керек екенін және төрешілердің жұмысына футбол федерациясының, клубтардың және басқалардың құқығы жоқ екенін атап өтті.
«Өз ойыншыларын камера алдында сынауға болмайды деген «жазылмаған ереже» бар. Барлық жаттықтырушылар соған сүйенеді. Ойыншылардың да, төрешілердің де үнемі бұқаралық ақпарат құралдарында сынға ұшырауы қалыпты жағдай. Ал, төрешелір қателігін сараптау - Маттео Трефолонидің жұмысы. Ол төрешілердің арасында сынау құқығына ие, әрі қарай даму жолында қажетті кеңестер беруге міндетті», - дейді Вильфред Хейтманн.