«17-18 маусым күндері мерейтойлық шығармашылық кешім өтеді. Сондай-ақ, Қобда ауылында Әлия Молдағұлованың 90 жылдығымен қатар, халықаралық конкурс ұйымдастырылмақ. Мұндай байқау Ақтөбеде бұрын да болған. Бірақ, бұл жолғы жоба – халықаралық деңгейде.
Бүгінде Болгария, Португалия, Әзірбайжан, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресейден өтініштер түсуде. Қазір сол сайысқа дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр»,-дейді Бейбіт Оралұлы.
«Менің алғашқы әнім – «Нұр бейнең». Бұл – менің тағдырыма байланысты шын жүректен шыққан ән. Өнер майталмандары сол әнді ерекше бағалайды. Көбіне лирикалық, патриоттық болсын ойлы, терең, әндерді көп жазамын. Конкурстарға әндер жазамын»,-дейді сазгер.
«Әнді шығаруға асықпаймын. Оны әбден жетілдіріп бірақ, тыңдарманға ұсынамын. Содан болар, жеңіл ән жазған емеспін».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.