Жазғы демалысты қалай жоспарлаған жөн? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазғы демалысты қалай жоспарлаған жөн?

01.06.2015
Жазғы демалысты қалай жоспарлаған жөн?

Жаз айлары – балалар үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – бүлдіршіндердің жалпы физиологиялық, сана-сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму кезеңі.

Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт – дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.

Сондықтан, ата-ана, ұстаз-тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл-ой қызметін тынықтыратын, қарым-қуатты жетілдіретін іс-әрекетке жұмсалғаны жөн.

Жазғы демалыс кезінде білімін шыңдап, қызықты әрі пайдалы уақыт өткізу оңай, егер, қаражат жеткілікті болса. Ал, жағдай керісінше болса, ата-ана қайтпек? Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» осы мәселені талдап көрмек.

Хабарламаларға жазылу