Темірхан Медетбек: Өлең жазуды махаббаттан бастамадым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Темірхан Медетбек: Өлең жазуды махаббаттан бастамадым

29.05.2015
Темірхан Медетбек: Өлең жазуды махаббаттан бастамадым

«Поэзия махаббаттан басталып, парасаттылықтан аяқталады»,-деген сөз бар. Алайда, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Темірхан Медетбек өлең жазуды махаббат тақырыбынан бастамағанын айтады.

«Неге екенін білмеймін, мүмкін табиғатым солай шығар.  Мүмкін өмірді түсінуім, қабылдауым солай ма, мен өлең жазуды адам, ел, жер туралы тақырыптан бастадым. Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде жазған бір шумақ өлеңім аудандық газетке шықты.

«Қабырғада сұр шеге

Ұстап тұр ғой киімді,

Мен де сондай өмірге

Болсам деймін тиімді», деп бастадым».

«Шығармашылық деген – азап. Ақын әділдікті, ақиқатты айту үшін – азаппен өмір сүреді. Мысалы, Абай. Сұлтанның баласы, мыңғырған малы болды, таршылық көрмеді, бірақ, азаппен өмір сүрді. Махамбетті алыңыз. Батыр бола тұр, ел үшін, жер үшін, теңдік үшін басы кесілді. Дүниежүзі ақындарының қайсысын алсаңыз да, сондай».

«Өлеңдерімді ең алғаш жарыма оқып беремін.  Ол кісінің әдебиетке деген түсінігі ерекше. Өзіміз кітапханада танысқанбыз. Әдебиеттен де, тарихтан да хабары бар»,-дейді ақын.

Ақынның «Көк түрік абызының тілегі» өлеңін «Таңшолпаннан» тыңдай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу