Бүгін – Сағадат Нұрмағамбетовтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Сағадат Нұрмағамбетовтың туған күні

25.05.2015
Бүгін – Сағадат Нұрмағамбетовтың туған күні

Сағадат Нұрмағамбетов – қазақ халқының біртуар тұлғаларының бірі. Оның өнегелі өмірі мен кешкен тағдыры өскелең ұрпаққа өнеге. Ел Тәуелсіздік алған жылдары ол қазақ әскері мен әскери құрылымының дамуына сүбелі үлес қосты. Халық қаһарманы туралы көптеген еңбектер жарық көріп, ерен ерлігі насихатталуда.

Батырдың даңқты жолы туралы кітап жазған жазушы Болат Жүнісбеков: «Мен бұл кісі туралы жазсам, деп көптен бері толғанып жүрдім. Өзі қайтыс болардан екі ай бұрын кездесіп, кітапты баспаға ұсынар алдында ағаның келісімін алдым. Кейін кітап жарық көрген соң, алғашқы данасын қолына ұстатып, батасын алған едім»,-дейді.

Сағадат Нұрмағамбетовтың әскери өмірі 1942 жылы басталған. Әскер қатарына шақырылған ол Түрікменстанның Кушка қаласындағы училищеде білім алды.

Оқуды бітірген соң 1943 жылдың сәуір айында майданға аттанады. Екі жыл бойы пулемет взводының, пулемет ротасының командирі болып, 1052 атқыштар полкі құрамында батальон командирі лауазымында  жаумен шайқасты.

1945 жылдың 27 ақпанында Польша жерінде көрсеткен жанқиярлық ерлігі үшін Кеңес Одағының батыры атанады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу